"Алматы электротранс" ЖШС "205" нөмірлі автобус бағытында жолаушы тасымалдауды тоқтатқан.
Кеше Алматыда бір топ автобус жүргізушісі жұмыссыз қалуына байланысты дабыл қақты, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қаладағы №205 бағыттағы автобус жүргізушілерінің айтуынша, жұмыс үш күннен бері тоқтаған. Ал жұмыс берушілер тарапынан ешқандай алдын ала ескерту болмаған.
"Неше күн болды, әлі жатырмыз. Бәрімізде кредит бар. Ал бізге "жұмыс жоқ" дейді. Жүргізушілердің бәрі кәсіби мамандар. Сағаттық тарифпен жұмыс істейміз", – дейді автобус жүргізушісі Тимур Мақажанов.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы Қазақстанда көлік айыппұлы мен салығының мөлшері қалай өзгереді?
"Алматы электро транс" ЖШС басшылығы №205 бағытты өзге автопарктің сатып алуына байланысты жүргізушілерге басқа бағыттағы автобустардан жұмыс қарастыруға уәде еткен. Алайда, жүргізушілер бұған қарсы.
"Талабымыз – өз маршутымызды қайтарып берсін. Не өздері айтқандай, басқа жаңа маршрут ашып берсін. Бізге ұсынып отырған жұмыстарының тарифі төмен. Мен олай істей алмаймын, денсаулығым жарамайды", – дейді жүргізушілердің бірі Қажығали Өсербаев.
"Алматы электротранс" ЖШС басшылығының түсіндіруінше, бүгінде №205 автобус бағыты басқа компанияның құзырына өткен. Оған себеп – автобус жетіспеушілігі мен тұрғындардан түскен шағымдардың көптігі.
"Автобус жетіспейді және халық шағым жасады. Сондықтан біздің маршрутты басқа компания алды. "Мәселе шешілгенше басқа маршрутқа бара тұрыңыздар" десек, жүргізушілер көнбей жатыр", – деді автопарк басшысы Берік Сатжанов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-