Тікелей эфир

Алматыда Дулати даңғылы үш күнге жабылады

Бағытты алдын ала жоспарлау керек.

Алматыда жөндеуге байланысты Дулати даңғылының учаскесі үш күнге жабылады, деп хабарлады қала әкімдігі.

9 шілде түнгі сағат 23.00-ден 11 шілде сағат 11.00-не дейін Набережная көшесінен Өтегенов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс шектеледі.

Әкімдіктің мәліметінше, айналма жол Набережная, Баязитова, Қазыбек Тауасарұлы және Өтегенов көшелерімен қамтамасыз етіледі.

"Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары