Алматыда Достық – Жолдасбеков қиылысында қозғалыс тәртібі өзгерді

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Достық даңғылының қиылысында қозғалыс сызбасы қайта реттелді.

Алматыда Достық даңғылы мен Жолдасбеков көшесінің қиылысында қозғалыс сызбасы пилоттық режимде өзгертілді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қаланың Көлік қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар транспорты басқармасы әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, бағдаршам нысанының жұмысын қайта реттеді. Пилоттық жоба аясында жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға және көлік құралдарының өткізу қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін қосымша фаза енгізілді.

"Өзгеріс қаланың жүктемесі жоғары қиылыстарының бірінде қозғалысты оңтайландыру және жол апатын азайту мақсатында жүзеге асырылды", – делінген хабарламада.

Басқарма барлық жол қозғалысына қатысушысын Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жүргіншілер мен жүргізушілерге арналған бағдаршам белгілеріне назар аударуға шақырады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары