Тікелей эфир

Алматыда дәрігерлер алғаш рет науқасқа қашықтан басқарылатын дефибриллятор орнатты

Бұл технология кенеттен жүрек тоқтап қалмауы үшін емдеу схемасын түзетуге мүмкіндік береді.

Алматыда алғаш рет науқастарға қашықтан бақылау жүйесіне қосу мүмкіндігі бар жаңа дефибрилляторлар имплантацияланды, деп хабарлады Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтының баспасөз қызметі. 

Мұндай технология емделушінің жағдайын кез келген қашықтықта бақылауға және қажет болған жағдайда аурудың ауыр зардабын, соның ішінде кенеттен жүрек тоқтап қалуын болдырмау үшін емдеу схемасын түзетуге мүмкіндік береді.

"Бұл республикалық орталықтарға дефибрилляторды имплантациялаудан кейін еліміздің басқа аймақтарынан тексеруге келе алмайтын науқастар үшін қолайлы. Заманауи технологиялар пациенттің телефонына арнайы қосымшаны орнату арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Дербес деректер шифрланады және орталықтандырылған серверге жіберіледі. Оған осы саладағы сертификатталған мамандар ғана қол жеткізе алады", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Дененің ісінуі, шаштың түсуі және ұйқысыздықтың себебі не? Фармацевт-нутрициолог түсіндірді


Бүгінгі таңда елдегі көптеген клиника электродтарды имплантациялауды сәтті жүзеге асырып жүр. Алайда оларды алып тастау қажет болған жағдайда түрлі қиындыққа тап болады. Ерекше атап өтетін жағдай: 7 жыл бұрын 61 жастағы науқасқа эндокард электроды орнатылған. Оны Кардиология және ішкі аурулар институтының мамандары ғана алып тастай алды. 

"Электродтарды тыртық тінінен қауіпсіз және тиімді босату қажет. Ұзақ уақыт бойы имплантацияланған электродты алып тастағанда, жүрек бұлшықетінің жарылуы сияқты асқынуларға және өлімге әкелуі мүмкін", – деді институт мамандары. 

Серіктестер жаңалықтары