Алматыда дәмхана маңында полиция капитаны пышақ жарақатын алды

Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әлеуметтік желілерде полиция капитаны Алматыдағы дәмханалардың бірінің маңында болған төбелес кезінде пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция бұл оқиғаға пікір білдірді.

Полиция департаменті пышақ сұққан күдіктінің қамауда екенін айтты.

"Бұл факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Полицейлер оқиға кезінде полицейдің қызметте болмағанын түсіндірді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз