
"Отан Ана" – әншінің алғашқы жеке альбомы. Оны алғаш рет 2002 жылы 26 қазанда Алматы қаласында таныстырған болатын.
Алматы қаласында Батырхан Шүкеновтің "Отан ана" атты винил күйтабағы жарық көрді, деп хабарлайды Батырхан Шүкенов пен Болат Өтемұратов атындағы қорлар.
"Отан Ана" – әншінің алғашқы жеке альбомы. Оны алғаш рет 2002 жылы 26 қазанда Алматы қаласында таныстырған болатын.
"Отан Ана" әнімен балаларды ұйқыға жатқызады, ол құдды бесік жыры секілді. Маңызды бір нәрсені жеткізе алдық. Бұл әнді айтқанымда ұлымның дүниеге келгеніне небәрі бірнеше ай ғана болған еді. Микрофонның алдында тұрғанымда ұлым туралы ғана ойладым. Осы сезім әнге дарыған сияқты", – деген еді Батырхан Шүкенов альбомы туралы.

Күйтабақ дизайнына байланысты ұйымдастырылған арнайы байқауды Гүлдана Тауасар жеңіп алды.
"Мен бұл альбомды байқаудан тыс көп тыңдаған едім. Батырханның әндерін тыңдап отырып бұрынғы Алматыны сағынасың. Тыңдап отырған сәтте көз алдыңа естеліктер келеді. Әркімнің өз еске алары бар. Сол себепті күйтабақ мұқабасын жылы, винтаж және сағыныш сезімін тудыратындай етіп жасадым", – деді ол.

Безендіру жұмыстары үшін Николай Постников Үстіртте жүріп түсірген суреттері қолданылды. Мұқабада Батырхан Шүкенов петроглифі бар тасты ұстап тұр.
Пластинканың тиражы небәрі – 100 дана. Оны Меломанның Marwin, Кітап әлемі дүкендерінен және www.sentyabr.me маркетплейсінен сатып алуға болады.

"Батырхан шығармашылығының жаңа орындаушылар мен тыңдаушыларға үлкен әсерін тигізіп отырғанын көріп отырмыз – одан шабыт алады, онымен теңескілері келеді. Батырдың отан, қарым-қатынас, махаббат туралы сөзі мен ойының адамдар үшін қолжетімді болғанын қалаймын. Жастар "Отан Ана" альбомымен алғаш танысуы мүмкін. Олардың танымал композицияны жоғары сапада тыңдай алатыны қуантады", – деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды
-
325
-
0
-
6
-
-
2🚨Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Газиантеп қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті
-
319
-
0
-
6
-
-
3🚦Астана, Алматы мен Шымкентте жол ережесін бұзудың 86%-ы стационар камера арқылы анықталған
-
295
-
0
-
1
-
-
4Қазақстаннан тағы 60 құтқарушы Түркияға көмекке барады
-
277
-
0
-
2
-
-
5Алматы облысында 8 автокөлік соқтысып, жол апатынан бір адам қайтыс болды
-
266
-
0
-
0
-
-
6Ақмола облысында 1,3 млрд теңге бюджет қаржысын жымқыру бойынша күдіктілерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
-
259
-
0
-
1
-
-
7Бала күтіміне төленетін жәрдемақыны қалай есептеуге болады?
-
254
-
0
-
1
-
-
8Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылы қанша өтінім және қандай мақсатта мақұлданды?
-
253
-
0
-
1
-
-
9Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
-
237
-
0
-
1
-
-
10Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 8 мыңға жуықтады
-
256
-
0
-
2
-