USD: 487.9 / 490.5
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.57 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Алматыда банктен ақша ұрламақ болған 32 жастағы ер адам видеоға түсіп қалды

Видео скрині
Видео скрині
Қылмыс түнде жасалған.

Алматыда полиция екінші деңгейлі банк бөлімшесінен ақша ұрламақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Белгісіз ер адам ғимаратқа терезе арқылы кіріп, одан кейін кассаға өтпек болғанымен, брондалған шыныны сындыра алмаған. Бұл әрекеттің бекер екенін түсінген күдікті оқиға орнынан кетіп қалған", – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Криминалдық полиция басқармасы Жетісу аудандық полициясымен бірлесіп жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қысқа мерзімде 32 жастағы күдікті ұсталды.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз