USD: 471.1 / 473.9
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Алматыда азық-түлік жәрмеңкелерінің ауқымы кеңейеді: қайда өтеді?

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда жыл басынан бері 8,5 мың тонна азық-түлік сатылды.

"Алматы" ӘКК" АҚ Алматыда көктемгі маусымда демалыс күнгі азық-түлік жәрмеңкелерін тұрақты түрде өткізіп келеді. Жоба тұрғындарды қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге, азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруға бағытталған, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жәрмеңкелерге Алматы қаласы мен Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай, Жамбыл аудандарының, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының тауар өндірушілері қатысып жатыр. Сауда алаңдарында 1000-нан астам азық-түлік өнімі ұсынылған.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері жәрмеңкелерде шамамен 8,5 мың тонна азық-түлік өнімі сатылған. Бүгінде демалыс күнгі жәрмеңкелерге 60 мыңнан астам адам келген. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 16 мамырдан бастап Құлагер шағынауданы аумағында жаңа жәрмеңке өз жұмысын бастады. Алдағы уақытта жоба аясын кеңейтіп, Алматының барлық сегіз ауданын қамту жоспарланып отыр.

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өтеді:

  • Қазақфильм шағынауданы
  • Рысқұлбеков көшесі, 33/2
  • Меңдікұлов және Бектұров көшелерінің қиылысы
  • Масанчи көшесі (Әйтеке би – Гоголь көшелері аралығы)
  • Құлагер шағынауданы.

Сонымен қатар "Алматы" ӘКК" АҚ Бостандық және Әуезов аудандарындағы жәрмеңке алаңдарын кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоба санитарлық, сәулеттік және инфрақұрылымдық талаптарды жақсартуға бағытталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз