Дәл қазір инфекциялық стационарларда жұмыс істеуге дайын қосымша 2 мың маман бар.
Биыл Алматы қаласында аса қажет мамандар жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін резидентураға 120 грант бөлінді. Бұл туралы Алматы қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді.
Қазір Алматы қаласындағы инфекциялық стационарларда 6 315 медицина қызметкері жұмыс істейді. Бұған дейінгі медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігіне байланысты арнайы инфекциялық стационарда жұмыс істейтін мамандар резерві жасақталды.
"Мамандар қоры күні кеше интернатура мен резидентура және колледжді тәмамдаған түлектерден құралады. Сондай-ақ, қазір емханада жұмыс істеп жатқан қызметкерлер бар. Жалпы қорда 2 мыңға жуық маман кіреді. Расымен де, коронавирус инфекциясы тарала бастаған кезде инфекционистер мен реаниматологтар өте көп жетіспеді. Осы жетіспеушілік әлі күнге дейін сезіліп отыр. Осы орайда Алматыдағы кадрлық жетіспеушілік мәселесін шешу үшін үлкен жоба жасалды – университеттер базасында резидентурада оқу үшін 120 грант бөлінбек. Оған ақша жергілікті бюджеттен алынды. 120 гранттың көбісі анестезиолог пен инфекциялық аурулар мамандықтарына беріледі", – деді ведомство өкілі.
Еске салсақ, пульмонолог маман Covid-19 клиникасына депрессия сынды жүйке жүйесінің белгілері қосылғанын хабарлады. Сондай-ақ, кей науқастың қанында тромбоцит көлемінің бірден ұлғаюы байқалады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-