Алматыда Аманжол көшесіндегі шұңқыр үшін мердігер әкімшілік жауапқа тартылды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Алматыда көшедегі шұңқыр үшін мердігерге шара қолданылды.

Алматының Қала құрылысы бақылау басқармасы Саин, Шаляпин, Яссауи және Жандосов көшелерінде инженерлік желілерді жүргізіп жатқан "СпецСтрой Групп ЛТД" ЖШС-не жоспардан тыс тексеріс жүргізді.

Нәтижесінде компания бірқатар құрылыс нормасын бұзғаны анықталды.

Атап айтқанда, траншеялардың қия беткейлері бекітілмеген, топырақ қабаттап нығыздалмай қайта көміліп, кей учаскелерде жер асты сулары толып қалған. Аманжол көшесінде инертті материал төселмегендіктен, жауын-шашыннан кейін жол жабындысы отырып, терең шұңқырлар пайда болған.

Мердігерге кемшіліктерді 2025 жылғы 8 қазанға дейін жою туралы нұсқама берілді. Талап орындалмаған жағдайда іс сотқа жіберіліп, заң аясында шара қолданылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз