Алматыдағы META Университетінде Қазақстан тарихында тұңғыш рет қазақ тілінде оқытылатын екі дипломды MBA бағдарламасы таныстырылды.
Шара аясында Қазақстандағы экономиканың дамуы мен ұлттық кадрларды даярлаудағы өзекті мәселелер ашық талқыланды. Сарапшылар Қазақстандағы экономикалық өсімнің баяулауына себеп болып отырған бірқатар факторларды атап өтті. Мәселен, көптеген өндірістік және отандық компаниялардың нарықтағы орнын сақтай алмауы, кейбір жобалардың тоқтап қалуы кәсіби басқарушылардың жетіспеушілігімен тікелей байланысты екені айтылды.
Кәсіпкерлердің пікірінше, бәсекеге қабілетті экономика үшін ең әуелі мықты менеджмент қажет. Қазақстандық компаниялар жақсы өнім шығара алады, бірақ кәсіби басқару, стратегиялық жоспарлау мен нарықтық икемділік жеткіліксіз болған жағдайда олар ұзақ мерзімде табысқа жете алмайды.
Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттік тілде жоғары сапалы бизнес-білімнің болмауы ұзақ жылдар бойы кәсіби өсімге кедергі келтірді. Енді Qazaq MBA бағдарламасы осы олқылықтың орнын толтырып, қазақ тілінде ойлайтын, кәсіби деңгейде шешім қабылдай алатын жаңа буын менеджерлерді даярлауды мақсат етеді.
META университетінің ректоры Айжан Маратқызы өз сөзінде ғылым мен сапалы білім беруді дамытуға әрқашан қолдау білдіретінін айтты. Ол Назарбаев Университетінің алғашқы Ph.D. бағдарламасының түлектерінің бірі ретінде өз тәжірибесін бөлісіп, жаңа бастамаға жоғары баға берді.
"Маған бұл жоба ерекше қымбат. Біз бұл бағдарламаны іске қосуға ұзақ дайындалдық, үлкен еңбектен өттік. Бүгін қазақ тілінде сапалы екі дипломды MBA бағдарламасын ұсына алғанымыз – университетіміз үшін үлкен жетістік. Бұл – қазақстандық білім беру жүйесінің жаңа белесі. Алғашқы тыңдаушыларға сәттілік тілеймін", – деді ол.
META Университетінің бастамасымен ашылған Qazaq MBA бағдарламасы – ұлттық тілде кәсіби менеджерлерді даярлауға бағытталған алғашқы әрі тарихи қадам. Бағдарлама түлектеріне бірден екі диплом алу мүмкіндігі беріліп, оларды халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті басшылар қатарына қосады.
"Қазақстан экономикасының болашағы – кәсіби менеджерлердің сапасына байланысты. Бізге жаһандық деңгейде ойлайтын, бірақ ұлттық мүддеге қызмет ететін жаңа буын қажет. Qazaq MBA дәл осы миссияны атқарады", – деді жоба негізін қалаушы Мақсат Халық.
USD:
505.9 / 508.9
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59
"Маған бұл жоба ерекше қымбат. Біз бұл бағдарламаны іске қосуға ұзақ дайындалдық, үлкен еңбектен өттік. Бүгін қазақ тілінде сапалы екі дипломды MBA бағдарламасын ұсына алғанымыз – университетіміз үшін үлкен жетістік. Бұл – қазақстандық білім беру жүйесінің жаңа белесі. Алғашқы тыңдаушыларға сәттілік тілеймін", – деді ол.