Алматыда Алдар Көсе және Жамақаев көшелерінің аумағында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Алматыда бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Алматыда Алдар Көсе және Жамақаев көшелерінің аумағында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы қаланың Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарлады.

2–7 қазан аралығында Алдар Көсе көшесінің Сейфуллин даңғылы үстіндегі айналма қозғалыс бөлігінде автокөлік қозғалысы ішінара тоқтатылады. Бұл кезеңде магистральдық су құбыры желісін салу жұмыстары жүргізіледі. Жүргізушілерге аумақты Сейфуллин даңғылы және Алдар Көсе көшесі арқылы айналып өту ұсынылады.

6–26 қазан аралығында әл-Фараби даңғылы мен Алдар Көсе көшесі арасындағы Жамақаев көшесінде де қозғалыс уақытша шектелмек. Мұнда да су құбыры желілерін тарту жұмыстары жоспарланған.

Қала билігі жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қолайсыздықтар үшін түсіністік танытуды сұрайды. Шектеулер туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, сондай-ақ 2GIS пен Яндекс.Карталар сервистерінде жарияланады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз