Алматыда 23 сәуірден бастап орташа қысымды газ құбырын қайта жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстар басталады. Бұл туралы QAZAQGAZ AIMAQ АҚ-ның Алматы өндірістік филиалының өкілдері хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыстар әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында жүргізіледі. Жоба аясында көшенің астымен тесу әдісі арқылы өткел жасалып, кейіннен газ құбыры төселеді.

"Барлық жұмыс тротуар бөлігінде жүргізіліп, әл-Фараби даңғылындағы көлік қозғалысына әсер етпейтіні айтылды. Жолды жабу жоспарланбаған. Жұмысты сәуір айының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Жобаны жүзеге асыру газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған. Сала мамандары бұл шаралардың қаланың инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін стратегиялық маңызды екеніне тоқталды", – делінген хабарламада.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарау сұралады.
USD:
464.1 / 466.9
EUR:
543.5 / 548.5
RUB:
6.01 / 6.13