Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, 8 және 9 қыркүйек күндері сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Мәметова көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.
Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады.
"Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карты" қосымшаларында жарияланады", – делінген хабарламада.