Алматыда ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдімәлік Нысанбаев пен Қазақстан Республикасының Халық суретшісі, мемлекет және қоғам қайраткері Сабыр Мәмбеевтің құрметіне мемориалдық тақталар ашылды. Ескерткіш тақтайшалар олар тұрған үйде орнатылды.
Әбдімәлік Нысанбаев өз өмірін ғылымға арнап 570-тен астам ғылыми жұмыс жазып, ғылыми мектеп құрды. Оның зерттеулері философия, ғылым әдістемесі, саясаттану және басқа салаларға қатысты болды. Бірқатар еңбектер 25 шет тілінде жарық көрді. Қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов отандық ғылымның дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Сабыр Мәмбеев өзінің жарқын жұмыстарымен танымал болды. Оның көптеген жұмысы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында сақталған. Ең үздік картиналары "Тауда" (1957), "Киіз үйде" (1958). Ескерткіш тақта Еңбек сіңірген өнер қайраткері тұрған Назарбаев даңғылындағы №128 үйде орнатылды.
Оқи отырыңыз: Алматыда әнші, сазгер Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне музей бұрышы ашылды