Алматыда Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
20 мамыр күні сағат 23:00-ден бастап 23 мамыр күні сағат 16:00-ге дейін Абай даңғылының Алатау көшесінен Строительная көшесіне дейінгі бөлігі бойынша көлік қозғалысы шектеледі. Аумақты Алатау көшесі арқылы солтүстік және оңтүстік бағытта айналып өтуге болады.
"Сонымен қатар 22 мамыр сағат 23:00-ден 27 мамыр сағат 16:00-ге дейін Қ.Медеубеков көшесі (Карьерная көшесі) қиылысындағы қозғалысқа шектеу қойылады. Бұл учаскені оңтүстік жақтан У.Қараманов, Грушовая, Виноградов көшелері арқылы, сонымен қатар Строительная көшесімен солтүстік және оңтүстік бағытта айналып өтуге болады", – делінген хабарламада.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жобасы осы жылы толық ашылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 600 метрлік бөлік бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы ұзындығы – 5,3 км.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63