USD: 468.9 / 471.5
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.57 / 5.69
Тікелей эфир
Алматы +18C
Все города

Алматыда №52 және №24 бағыттар бойынша автобустар жаңарды

Соның нәтижесінде жоспарлы аралық жұмыс күндері 11-ден 9 минутқа дейін қысқарды.

Алматыда №52 және №24 бағыттар бойынша автобустар жаңарып, жылжымалы бірлік саны артты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мегаполисте №52 бағыттағы орташа дизельді автобустарды сыйымдылығы жоғары газбен жүретін автобустар алмастырды.

Сонымен қатар қоғамдық көліктегі жолаушылар тасымалына жоспарлы шығуы жұмыс күндері 16-дан 25 бірлікке дейін, демалыс күндері 14-тен 20 бірлікке дейін ұлғайтылды. Соның нәтижесінде жоспарлы аралық жұмыс күндері 11-ден 9 минутқа дейін және демалыс күндері 14-тен 11 минутқа дейін қысқарды.

"Сонымен қатар қала тұрғындарының өтініші бойынша №24 маршрутқа "Yutong" маркалы сыйымдылығы жоғары автобустар шығарылды. "Өжет шағынауданы - Солтүстік" – "Экобекет" қатынасындағы маршруттағы жылжымалы құрамның саны 12 бірлік, жоспарлы қозғалыс аралығы 15 минут", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау