Тікелей эфир

Алматыда 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде азаптағаны үшін үш полиция қызметкері сотталды

Сотталғандар полицияға жеткізілген үш азаматқа дене жарақатын салған.

Алматыда бұрынғы үш полиция қызметкері 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде азаптау қолданды деген айыппен сотталды, деп хабарлады қалалық прокуратура.

2024 жылғы 19 наурызда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында «қаңтар» оқиғасы кезінде азаптау қолдану фактісі бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды (ҚК-нің 146-бабы). Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді.

"Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді. Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде үш жәбірленушілерге тән азаптары келтірілген", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Бас прокурор Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болғандар санын растады


Соттың үкімімен үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары