Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб тәулік бойы жұмыс істейді.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың тыныс-тіршілігін біртіндеп қалыпқа келтіру туралы хабарлады. Ол тұрғындарға тыныштық пен батылдық, жағдайды тұрақтандыруға және тәртіп орнатуға ықпал еткені үшін алғыс айтты.
Қала әкімі Президенттің батыл іс-қимылының арқасында елдің күйреуінің алдын алуға қолжеткенін атап өтті. Қазақстан бүкіл әлемге біздің елімізді және халқымызды күйрету және құрту мүмкін еместігін дәлелдеді.
"Біз қазақстандықтардың қиын кезеңдерде ұйымшыл болып, біртұтас жұдырық ретінде әрекет ететініне тағы да көз жеткіздік. Алматылықтарға тәртіпсіздік кезінде көрсеткен сабырлылық пен батылдық және бізге көрсеткен көмектеріңіз үшін алғыс айтамын", – деді Бақытжан Сағынтаев.
Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Қаланың барлық қызметтері антитеррористік орталықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Барлық мәселелер келісілген түрде шешіледі және біртіндеп қала қалыпты жағдайға оралады.
Қаланың барлық аудандарында тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көшелерден 200 тоннадан астам қоқыс, аулалардан мың тоннадан астам ҚТҚ шығарылды. Коммуналдық қызметтер әскери қызметшілер залалсыздандырған аумақтарға кіреді. Құқық қорғау органдары қаланы тазартуды жалғастырып жатыр.
Айта кетсек, бұл күндері қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі үзіліссіз жұмыс істеді. Халықты сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау, жылу қызметтерімен қамтамасыз ету штаттық режимде жүргізіледі.
Қаланың азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. 80-ге жуық супермаркет, үш ірі азық-түлік базары, 70-ке жуық ЖҚС, 111 дәріхана жұмыс істей бастады. Автогаз бағасы литріне 70 теңгеге дейін төмендеді.
"Қабылданып жатқан шаралар қала өмірін біртіндеп қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді. Бізден тек сабырлық, шыдамдылық пен түсіністік қажет", – деп Бақытжан Сағынтаев төтенше жағдай режимінің талаптарын мүлтіксіз сақтау және коменданттық сағатты бұзбау қажеттігін еске салды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-