Сквер аумағы 1,3 га, дені жасыл желектермен және гүлзарлармен көмкерілген. Саябақ аймағының орталығындағы әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішінің айналасында жан-жаққа бастайтын 9 соқпақ жол бар. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.
"1997 жылы салынған сквер жаңартуды қажет еткен, себебі бұған дейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Соқпақ жолдардың жабыны бұзылған еді. Ескерткіштің айналасындағы аумақтың да жабынын ауыстыру қажет болатын. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері жарамсыз болып, аумақты көгалдандыруды жаңарту қажеттігі туындаған", – деп жазылған хабарламада.
Реконструкция аясында кеспе тас төсеу, жиектастарды монтаждау жұмыстары жүргізілді, 12 жаңа орындық пен 14 қоқыс жәшігі орнатылды, 3,8 мың бұта мен 10 туя ағашы отырғызылды. Сонымен қатар, Меңдіқұлов көшесіне қарай қосымша жаяу жүргіншілер жолы құрылды.
Оқи отырыңыз: "Халық қатысатын бюджет": Алматыда 397 балалар мен спорт алаңы абаттандырылды
Бүгінде бұл жаяу серуендеуге, көкке шығуға және балалармен демалуға ыңғайлы жаңартылған сквер.