Алматыда 17 қазанда сағат 10.00-де жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар өткізіледі, оның аясында Mass Alert халықты жедел құлақтандыру жүйесі сынақтан өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Сейсмикалық жаттығулар теле және радиохабар тарату арналары автоматты түрде үзіп, "Баршаның назарына!" деген сигналдан соң сирена-қондырғыларды қосу, сонымен қатар телефондарға хабарлама жіберу арқылы басталады", – делінген хабарламада.
Сигналды алғаннан кейін ғимараттан ашық алаңға шығу керек.
"Сейсможаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге дайындығын арттыру және қауіпсіз орындарға бару бағыттарын пысықтау", – делінген хабарламада.
Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы тұрғындарды үрейленбеуге және сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға шақырады.