Алматыда 15 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріледі

Алматыда барлығы 214 мектеп, 190 балабақша, 128 аурухана және 8 836 көппәтерлі тұрғын үй орталық жылытуға қосылған.

Алматы әкімі Ерболат Досаев өткізген жұмыс кеңесінде жылыту маусымының аяқталуы, сондай-ақ алдағы 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындықты бастау мәселесі қаралды.

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Талғат Малыбаев Алматы қаласында белгіленген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының +8⁰ және одан жоғары болуына байланысты жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданғанын айтты.

Жылу 15 сәуірден бастап мынадай тәртіппен кезең-кезеңімен өшіріледі:

  • алдымен әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, мәдениет объектілері және басқалар;
  • содан кейін тұрғын үйлер (тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер) және әлеуметтік нысандар (балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер).

Кеңесте инфрақұрылымның тозуын азайту жөніндегі инвестициялық бағдарламаның маңыздылығы атап өтілді. 2023 жылы жылу желілерінің
тозуы жоспарланған 0,6% орнына 1,3%-ға қысқарды.

Мәселен, жыл басында 25 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан тозған желілердің ұзындығы 802,6 км немесе 57,9% құрайды. Биыл 20 км жылу желілері қайта жаңартылады, Бұл тозуды 1,8%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз