Алматыда 1300 шақырымды жүгіріп өткен ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазинов дауыс берді

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда ерекше азаматтық белсенділігімен көзге түскен ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазинов сайлауға қатысып, дауыс берді.

58 жастағы спортшы 10 тамыз күні Астанадан жолға шығып, бүгін Алматыға жүгіріп жетті. Осы уақыт аралығында ол шамамен 1300 шақырымды бағындырып, саяси науқан өтіп жатқан күні Алматыдағы №545 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындады.

Ұзақ қашықтықты бағындыру үлкен төзімділік пен табандылықты талап етсе, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысу – әр азаматтың жауапкершілігін көрсетеді. Меңдібай Әлімғазинов үшін бұл сапар спорттық мақсатпен ғана шектелмей, елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық ұстанымын білдірудің өзіндік үлгісіне айналды.

Ультрамарафоншы өзіне қолдау көрсетіп, жол бойында демеу болған барша азаматқа алғыс білдірді. Сондай-ақ, ұзақ сапардан кейін сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасағанына қуанышты екенін атап өтті.

"10 тамыз күні Астанадан жолға шығып, бүгін Алматыға жеттім. 1300 шақырымға жуық жолды жүгіріп өту оңай болған жоқ. Бірақ ең басты мақсатым – Алматыға аман-есен жетіп, ел өміріндегі маңызды күнде азаматтық борышымды орындау еді. Мені жол бойы қолдаған, жылы сөзін айтып, демеу болған барша азаматқа алғыс білдіремін. Бүгін сайлауға қатысып, таңдау жасағаныма қуаныштымын. Әр азамат елінің болашағына бей-жай қарамай, дауысын беріп, азаматтық ұстанымын білдірсе екен", – деді Меңдібай Әлімғазинов.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау