Алматыда 101 жастағы тыл ардагері сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді

Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz
Алматыда сайлаушылар белсенділігі бәсеңдемей, тұрғындар дауыс беруге келіп жатыр.

Алматыда 101 жастағы Кәмиля Досқалиқызы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

"Ғасырдан астам ғұмыр кешкен ардақты апамыздың өмір жолы ел тарихымен біте қайнасқан тағылымды шежіре. Тылда еңбек етіп, 40 жылдық еңбек жолын артқа қалдырған Кәмиля Досқалиқызы бүгінде өлең жазып, қоғамдық өмірге белсене араласып келеді. 101 жаста да ел өміріне бейжай қарамай, азаматтық таңдауын білдірген Кәмиля апамыздың бұл қадамы кейінгі ұрпаққа үлгі", – делінген хабарламада.

Немере-шөберелерімен келіп дауыс берген ғасыр жасаған әже сайлау учаскесіндегі барша адамға ақ батасын берді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау