Алматыда 10 тамыз күні Абайдың 180 жылдығына орай бірнеше көше жабылады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Шектеулер Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне байланысты енгізіледі.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Алматыда жыл соңына дейін 120-дан астам іс-шара өткізу жоспарланған, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, 10 тамыз күні сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Алматыда көлік қозғалысы мына көшелерде уақытша шектеледі:

  • Абай даңғылы бойымен—Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін;
  • Достық даңғылы бойымен—Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін.

"Шектеулер Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне байланысты енгізіледі. Қала тұрғындары мен қонақтарын ұлы ақынның рухына тағзым ету мақсатындағы салтанатты рәсімге қатысуға шақырамыз. Іс-шара сағат 10:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында басталады. Уақытша қозғалыс өзгерістерін ескеріп, жол жүру ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары