2024 жылы 21 сәуірінде Алматы жартылай марафоны өтеді. 8 мыңнан астам қатысушы әл-Фараби даңғылындағы Тұңғыш Президент саябағынан бастап Орталық стадионға дейін жүгіреді. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.
Биыл жартылай марафон жетінші рет өтеді. Оның аясында зияткерлік дамуы бұзылған спортшылар арасында жүгіру бойынша әлем чемпионаты өтеді, оған 8 елдің спортшылары қатысады.
2024 жылы 4 қашықтық ұсынылады: 21,1 км (жартылай марафон), 10 км, 10 км (скандинавиялық жүріс) және Экиден командалық эстафетасы.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатыса алады. Жарыстың қалған қашықтығына 15 жастан бастап қатысуға болады.
Оқи отырыңыз: БАӘ-дегі рекордтық жауын-шашын: Қазақстанда қатты жаңбыр күту керек пе?
Алматыда жартылай марафон өткізу кезінде 66 маршруттың қозғалысы өзгертіледі.
Алматыда 21 сәуір күні жартылай марафон өтетін жолдарда қозғалыс ішінара жабылады. Осыған байланысты қалалық мобилділік басқармасы қоғамдық көлік маршруттарының қозғалысына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.