USD: 488.3 / 490.9
  • EUR: 565.0 / 570.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Алматы хайуанаттар бағында канадалық сілеусіндер пайда болды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді.

Алматы хайуанаттар бағы жаңа тұрғындармен толықты. АҚШ-тан халықаралық жануарлар алмасу бағдарламасы аясында канадалық сілеусіндердің жұбы жеткізілді. Алматы хайуанаттар бағы мәліметінше, жаңа жануарлар 6 сәуірде АҚШ-тан жеткізілген.

"Халықаралық алмасу бағдарламасы аясында Алматы зообағы өз қорынан жыртқыш құстарды берген. Келгеннен кейін сілеусіндер міндетті карантиннен өтіп, ветеринарлардың бақылауында болған. Қазір олар жаңа ортаға толық бейімделіп, келушілерге көрсетіліп жатыр. Зообаққа әкелінген еркек сілеусіннің жасы – 3-те, ал ұрғашысы – 7 жаста. Олар "леопардтар шеңбері" аумағындағы ұсақ жыртқыштарға арналған арнайы вольерлер кешеніне орналастырылған", – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, жануарларға қолайлы жағдай жасау үшін кең вольер, жасырынатын үйшік, салқындатқыш құрылғылар және тұман шашатын жүйе орнатылған. Олардың күнделікті азығына балық, сиыр еті мен тауық еті кіреді.

"Канадалық сілеусін – Солтүстік Американың солтүстік өңірлерін мекендейтін ерекше жыртқыш. Ол қатал климатқа бейімділігімен, қалың жүнімен және қар үстінде оңай қозғалуға мүмкіндік беретін жалпақ табандарымен ерекшеленеді. Бұл жануардың тағы бір айрықша белгісі – құлақтарының ұшындағы ұзын шашақтар. Мамандардың айтуынша, олар тек сыртқы ерекшелік қана емес, дыбыстарды жақсы қабылдауға көмектесіп, аңшылық кезінде маңызды рөл атқарады. Сілеусіндердің қозғалысы да ерекше: олар жүрген кезде артқы аяқтарын алдыңғы аяқтарының ізіне дәл басады. Соның арқасында өте тыныш қозғалады", – делінген хабарламада.

Алматы хайуанаттар бағының мамандары жаңа жұптың ортаға сәтті бейімделіп, болашақта төл беруіне үміт артып отыр. Бұл сирек кездесетін жыртқыш түрін сақтау мен көбейтуге үлес қосады деп күтіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз