Тікелей эфир

Алматы полициясы өзгенің көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады

Алматы тұрғынының көлігін өртеп жіберген азамат ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Ол анонимді тапсырыс берушінің айтқанын ақша үшін орындағанын мойындады.

"Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегіне қатысты қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар басқа адамдардың және тапсырыс берушінің жеке басын, сонымен қатар оның себебін анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

 


Оқи отырыңыз: Алматы тұрғынының көлігін өртеген әзербайжандық күдіктілер ұсталды


 

Серіктестер жаңалықтары