Тікелей эфир

Алматы орталығында хостел өртеніп, 13 адам қайтыс болды

Сондай-ақ, 2 адам қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама түсті. Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келді.

"Келген бойда 1 қабаты және жертөлесі жатақханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің жанып жатқаны анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр. Қабылданған шаралармен өрт 06:22-де жойылды", – делінген департамент хабарламасында.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес өртті барлау және сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр. Олар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған.

Сондай-ақ, 2 адам қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Науқастардың біріне көмірқышқыл газына улану диагнозы қойылды.

"Оның жағдайы орташа ауыр, тұрақты. Екінші науқас барлық тексеруден кейін амбулаторлық емделуге жіберілді", – делінген ведомство хабарламасында.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары