Алматыдағы ALT Университетінде жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттеріне арналған "Қазақстан және Қытай: дәстүр мен инновация жастар көзімен" атты конференция өтті. Оған Алматының 30 мектебі мен 10 колледжінен 100-ден аса адам қатысты.
Конференцияда университет ректоры Меруерт Жармағамбетова, ҚХР Алматыдағы бас консулдығының білім бойынша консулы Хуан Сяоминь сөз сөйлеп, екі ел арасындағы білім беу саласындағы байланыстар туралы айтты.
Конференция барысында Алматының оқушылары мен колледж студенттері Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасы туралы, Қытайдың технологиялық және инновациялық жетістіктері, дәстүрлі мәдениеті туралы өз зерттеулерін таныстырып, әділ қазылардың талқысына салды.
Қытайтанушылар, ІТ компаниялардың өкілдері және ҚХР Алматыдағы бас консулдығының қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы баяндамалардың және конференцияға қатысушылардың жоғары деңгейін атап өтті.

Конференция қатысушыларының бәрі диплом, сертификат және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, конференцияны "Лаоши" білім беру орталығы, Мұхамеджан Тынышпаев атындағы транспорт және коммуникация университеті және "Белдеу мен жол" ғылыми-білім беру орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Олар мұндай конференцияны жыл сайын өткізу туралы келісімге келді.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59

