Талғар ауданының Бесағаш ауылында "Бурабай" коттедж қалашығында ауа райының тұрақсыздығына байланысты таудың баурайынан екі жеке тұрғын үйдің аумағына топырақтың көшкіні болды, деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
"Топырақ аяқталмаған қорғаныс қоршауының шетінен өтіп кеткен (биіктігі 4 м бетон тіреу қабырғасы). Кірген топырақ үйдегі терезенің сындырып, зақым келтірді, сонымен қатар жеке тұрғын үйдің аумағындағы уақытша тұрған құрылысша (үй шаруашылығына) ішінара зақым келтірді. Түскен топырақтың болжамды көлемі 500 текше метрді құрайды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Екі үйде 9 адам тұрады", – делінген хабарламада.
Ресми органның мәліметінше, оқиға орнында ТЖ бөлімінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері екі көшені аралау жұмыстарын ұйымдастырды. Тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін Қазселденқорғау қызметкерлері ескерту хабарламасын берген болатын. Тәуліктің қараңғы уақытына байланысты топырақ құлауы мүмкін жерлерді мұқият тексеру жүргізу қиынға соққан.
Оқи отырыңыз: Мәскеуде болған теракт: Зардап шеккендер арасында қазақстандық студенттер жоқ