Новости спорта

Алматы облысының прокуроры түзету мекемесіндегі әйелдердің жағдайымен танысты

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов әйелдерді мерекемен құттықтады
Алматы облысының прокуроры Берік Адамов әйелдерді мерекемен құттықтады

№10 түзету мекемесінде қазіргі таңда 562 әйел жазасын өтеп жатыр.

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №10 түзету мекемесінде қазіргі таңда 561 әйел түрлі бап бойынша өз жазаларын өтеп жатыр. Оның ішінде айы-күні толған және балалы 32 келіншек арнайы жасақталған "балалар үйінде" отыр.

Осыған орай, Алматы облысының прокуроры Берік Адамов халықаралық мереке қарсаңында әйелдермен жолығып, гүл шоқтарын табыстап, олардың әрқайсысының жағдайымен жеке танысып қайтты.

Сондай-ақ, сотталған әйелдерді жеке-жеке қабылдап, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын түсіндірді. Әйелдер құқықтары бұзылған жағдайда облыс прокуратурасына жүгінуге мүмкіндіктері барын да жеткізді.

Жалпы, қазіргі таңда аталмыш түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан 561 әйелдің әл-ауқаты қанағаттанарлық деңгейде.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары