Тікелей эфир

Алматы облысындағы мектепте 5 және 9 сынып оқушылары бір кабинетте оқиды. Сынып іші шкафпен бөлінген

464 балаға арналған мектепте қазіргі таңда 1 200-дей оқушы білім алады.

Алматы облысы, Іле ауданы, Екпінді ауылындағы №2 мектеп 464 балаға арналған. Алайда білім ошағында 1 200-дей оқушы білім алады. Соған байланысты мектеп басшылығы бір кабинетте екі сыныпты қатар оқытуды тәжірибеге енгізген. Алдағы уақытта 19 кабинетті ортасынан бөлу үшін құрылыс материалдарына жемеуші іздеп жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

№2 мектеп директорының міндетін атқарушы Жақсыгүл Еңсепованың айтуынша, бұл шешімге ол туындаған мәселеден шығу жолын іздеп келген.

"Кіріктірілген сабақтар болады. Олардың 153 түрі бар. Түрлі сынып оқушылары бір-біріне кедергі келтірмеуі мақсатында осылай жасадық", – дейді білім ордасының басшысы.

Бұл мектептке аудандағы саяжай тұрғындарының балалары да автобуспен қатынап оқиды. Ата-аналардың сөзінше, оқушылардың тасымалына тәртіп керек. Балалар автобуста сығылысып, мектепке әрең жетеді екен.

"Ең басты проблема – автобус. Төрт автобус бар,солардың тәртібін жолға қою керек. Шулап, соғылып келеді", – дейді саяжай тұрғыны Бексұлу Қлжанова.

Ал аудан әкімдігі саяжайға жақын Шабыт ықшам ауданында 1 500 орындық мектеп келер жылы пайдалануға берілетінін айтып отыр. Оқушыларды тасымалдау жұмысын ұйымдастыру үшін жыл басынан 3 рет конкурс жариялаған, алайда жеңімпаз анықталмапты.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Серіктестер жаңалықтары