788 орынға арналған мектепте 2 мыңға жуық бала оқиды.
Алматы облысы Қызылту ауылында оқушылар сабақты акт залында оқуға мәжбүр, деп хабарлады AstanaTV арнасы.
Ауылдағы 788 орынға арналған мектепте 2 мыңға жуық бала білім алып жатыр. Оған көрші ауылда тұратын оқушылар да қатынап оқиды. Алайда оқушыларды тасымалдайтын арнайы автобус жоқ.
Ауыл тұрғыны Тоғжан Мұқашқызының айтуынша, қаламен екі ортаға автобус сирек қатынайды және олардың өзі кейде оқушыларға тоқтамай кетіп қалады.
"Автобустардың кейбірі балаларға тоқтамай кетіп қалады. Қазір тіпті сирек жүретін болып кетті. Аралары өте ұзақ. Қаншама бала бар. Оқушылар әр жақтан осы мектепке келіп оқиды", – дейді ол.
Мектеп әкімшілігі оқушылардың акт залында оқуына сынып кабинеттерінің тапшылығы себеп болып отырғанын айтады. Соған байланысты кейбір пәндер онлайн форматта өтеді. Себебі, көрші ауылдағы мектепте жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, ондағы 600 оқушы қазір Қызылту ауылындағы мектепке уақытша ауыстырылған. Ал жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны белгісіз.
Оқи отырыңыз:
- Мектеп оқулықтарын таңдауға оқушылар мен ата-аналар да қатыса алады
- Оқушыларға мектепте киюге рұқсат етілетін киімдер тізімі жаңарды
Ал жергілікті әкімдік мамандары 2023 жылы ауылда жаңа мектептің құрылысы басталатынын айтты. Автобус мәселесі екінші тоқсанда шешілуге тиіс.
"Мектеп үшін 2х42 жер учаскесі дайындалып, жобалық сметалық құжаттама сараптамасынан өтті. Барлығы дайын. 600 орындық мектеп салынады. Ал автобус мәселесіне келсек, 19 қазан күні конкур бойынша порталға өтініш берілді", – деді Панфилов ауылдық округі әкімінің орынбасары Сәуле Мықтыбаева.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
266
-
1
-
7
-
-
2💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
237
-
0
-
2
-
-
3💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
240
-
1
-
5
-
-
4👨👩👦👦 Отбасының цифрлық картасы: Биыл 12 мыңнан астам азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетілді
-
236
-
0
-
4
-
-
5🔫 Жамбылдық полицейлер көлігін “тапшанға” айналдырған шетелдік азаматты анықтады
-
245
-
0
-
5
-
-
6💐 Түркістан облысында елімізде сирек кездесетін перу лалагүлі өседі
-
297
-
0
-
5
-
-
7😱 "Таныстарын заңсыз жұмысқа алған". "ӨзенМұнайГаз" компаниясының бас директорының орынбасары ұсталды
-
330
-
0
-
4
-
-
8🌡 Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін аптап ыстық сақталады
-
325
-
2
-
5
-
-
9😱"Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталды
-
269
-
0
-
7
-
-
10🚆 Үндістанда бірнеше пойыз соқтығысып, үш жүзге жуық адам қаза тапты
-
262
-
0
-
0
-