Тікелей эфир

Алматы облысында жолда көкпар ойнағандар жазаланды

Олар автокөлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылындағы Алматы көшесінде 20-ға жуық шабандоздың қатысуымен көкпар ойынын ұйымдастырып, жолды бөгеген азаматтар жазаланды. Бұл туралы Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"Сотта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша Қ. және М. қатысты әкімшілік іс қаралды. 2024 жылғы 24 наурызда сағат 00.30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылындағы Алматы көшесінде Қ. және М. 20-ға жуық шабандоздың қатысуымен көкпар ойынын ұйымдастырып, автокөлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзды", – делінген хабарламада.

2024 жылғы 26 наурыздағы сот қаулысымен құқық бұзушылар кінәлі деп танылып, оларға 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары