Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза болды

Фото: Полиция департаменті
Фото: Полиция департаменті
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза болды, деп хабарлайды полиция департаменті. 

26 ақпанда "Алматы-Астана" автожолының 56 шақырымында болған жол апаты оқиғасы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Mondeo автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford өртеніп кеткен. Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сонымен қатар BMW-нің бір жолаушысы қаза болды. 

BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз