Алматы облысында тұрғыннан есірткі мен заңсыз сақталған қару тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Қонаев қаласында облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері мен Алматы облысының ҰҚКД бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Күдіктінің үйін тінту барысында екі келіден астам есірткі құрамдас өсімдіктер анықталып, тәркіленді. Сараптама бұл заттардың каннабис екенін растады", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар заңсыз сақталған шолақ аңшы мылтығы табылды.
Есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру және қару сақтау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
USD:
462.3 / 465.1
EUR:
542.0 / 547.0
RUB:
6.01 / 6.13