Тікелей эфир

Алматы облысында тауда жоғалып кеткен бес адам табылды

ТЖМ таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салды.

Алматы облысының тауларында туристер құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бес адамнан тұратын туристік топ тауға көтеріліп, өз бетінше түсе алмаған.

"Оқиға орнына Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары дереу шығып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылы арқасында 19-20 жастағы жас туристтер аман-есен табылды", – делінген хабарламада.

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты құтқару жұмыстары бес сағатқа аса созылды. Туристер медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

112 бірыңғай нөмірінен ескертулерді қадағалаңыз, сел қаупі төнген жағдайда тауға баруды кейінге қалдырыңыз.

Серіктестер жаңалықтары