Алматы облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Алматы тұрғынына қарт әйелді өлтіру үшін 10 миллион теңге ұсынған 51 жастағы күдіктіге қатысты жедел ақпарат келіп түсті.
Бұл туралы Polisia.kz сайтының Telegram арнасы хабарлады.
Мәлім болғандай, 51 жастағы күдікті 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу-сату мәмілесіне қатысты Алматы тұрғынына қарт әйелді өлтіру жөнінде тапсырыс беріп, 10 миллион теңге ұсынған.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында жедел жәрдем көлігі адамдарды қағып кетті: полиция тергеу жүргізіп жатыр
Тапсырыс беруші ұсталды. Ол қамауға алынды. Тапсырыс бойынша кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу жүргізіліп жатыр.