Алматы облысының Боралдай кентінде мопед жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан қарт әйелді жоғары жылдамдықпен қағып кеткен.
Оқиғадан кейін жүргізуші заттарын жинап алып, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жүргізушінің жеке басы анықталған. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші мен мопедтің жолаушысы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.
Полиция мопед жүргізушісін жол қозғалысы ережелерін бұзғаны және жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.