USD: 485.9 / 488.9
  • EUR: 562.0 / 567.0
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Фото: Аltaynews.kz
Фото: Аltaynews.kz
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы облысының Жамбыл ауданында полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

22 ақпанда Ұзынағаш ауылының тұрғыны полицияға шаруа қожалығының қорасынан бес жылқының ұрланғаны туралы арызданды. Беймәлім адамдар жәбірленушіге 5 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 32 және 34 жастағы екі күдіктіні ұстап, қамауға алды. Ұрланған мал табылып, заңды иесіне қайтарылды", – деді полиция өкілдері.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз