Алматы облысында 30 жастағы күдікті сот ғимаратынан қашып кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Бұл жағдай Қарасай аудандық сотында болған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Қашқынды ұстау бойынша іс-шаралар кешені қабылданады. Сонымен қатар болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүріп жатыр", – делінген хабарламда.
Полиция азаматтардан дүрлікпей, тыныштықты сақтауды және іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда 102 телефоны арқылы дереу хабарлауды сұрады.
USD:
483.7 / 486.7
EUR:
554.5 / 559.5
RUB:
5.95 / 6.09
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…