USD: 486.9 / 489.9
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.45 / 6.57
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Алматы облысында "Кеген – Нарынқол" жолы опырылды: уақытша шектеулер енгізілді

Видео скрині
Видео скрині
Көлік қозғалысы қиыршықтас жол арқылы ұйымдастырылды.

Алматы облысындағы республикалық маңызы бар "Кеген – Нарынқол" автожолының бір бөлігі 3 сәуірде сағат 11:30 шамасында опырылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".

Оқиға жолдың 20-шақырымында орын алған. Еріп кеткен қар суын өткізу кезінде қолданылып тұрған су құбыры зақымданып, жол төсемі шайылып кеткен.

Компания мәліметінше, бұл учаске бұған дейін су тасқыны қаупі бар аймақтар қатарына жатпаған.

"Қазіргі уақытта жол учаскесі орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мердігер ұйымның қарауында. Қозғалыс уақытша шектеліп, көлік қатынасы қиыршықтас жол арқылы ұйымдастырылған. Тиісті қызметтер жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр, және шамамен 20 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Жақын арада қиыршықтас төсемі бар уақытша айналма жол салу жоспарланып отыр. Су өткізетін құбыр мен жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары еріген судың толық өтуінен кейін басталады", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұл учаске арқылы күніне шамамен 500 автокөлік өтеді, ал жол 1960–1970 жылдары салынған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз