Тікелей эфир

Алматы облысында бірнеше ауылдың атауы ауысты

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тиісті қаулы шығарды.

НҚА бақылау банкінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Іле ауданындағы бірнеше ауылдың атауын өзгерту туралы қаулысы шықты.

Жақын күндері Энергетикалық ауылдық округіне Өтеген батырдың есімі берілсе, осы ауылдық округтегі Покровка Кенен Әзірбаев ауылына айналады. Чапаево Байкент деп аталса, Чапаев ауылдық округі Байкент ауылдық округіне айналады.

Междуреченск атауы Ақсай болып өзгерсе, дәл осындай атау Междуреченск ауылдық округінің кіреберісіне жазылады.


Оқи отырыңыз: Алматы облысында тағы 2 елді мекеннің атауы қазақшаланады


Қаулыда Талғар ауданындағы бір ауылдың атын өзгерту туралы да айтылған. Панфилов ауылдық округіне қарасты Қызыл-Ту-4 ауылы Жібек жолы деп аталмақ.

Серіктестер жаңалықтары