Алматы облысында балықшыларға оқ атқан адам 15 жылға сотталды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Сот шешімімен күдікті 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Іле өзені жағасында үш азаматқа оқ атқан ер адамға қатысты үкім шығарды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

"Оқиға 2024 жылғы 26 қазанда Қонаев–Бақанас автожолының 26-шақырымында орналасқан "Ш" шаруа қожалығы аумағында болған. Спирттік ішімдік ішкен ер адам шамамен сағат 22:00-де жағалауда балық аулап отырған үш жігітке бірнеше рет оқ атқан. Нәтижесінде олар әртүрлі деңгейдегі жарақат алған. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында үшеуі де аман қалған", – делінген хабарламада.

Сот тергеу материалдарын зерттей келе айыпталушының әрекетін "екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу" ретінде саралап, қылмыстың мас күйінде жасалғанын ауырлататын мән-жай деп таныды.

Сот шешімімен күдікті 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз