USD: 488.5 / 491.5
  • EUR: 564.0 / 569.0
  • RUB: 6.51 / 6.65
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Алматы облысында азық-түлікке 203%-ға дейін үстеме қосқан саудагерлер анықталды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Алматы облысында заң бұзған саудагерлер жазаланды.

Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жүргізілген бақылау шаралары барысында бірқатар кәсіпкерлердің заң талаптарын бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, ЖК "Омаров", Iceberg Distribution ЖШС және "Ар Диас" ЖШС әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатып алып, кейін оларды басқа сауда орындарына 17%-дан 86%-ға дейінгі негізсіз үстемемен қайта сатқан.

"Аталған фактілер бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, заң бұзған кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Бақылау органдарының мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері өңірде 171 сауда субъектісіне қатысты 643 әкімшілік хаттама рәсімделген. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 3,4 миллион теңгеден асты", – делінген хабарламада.

Олардың ішінде:

  • 467 хаттама әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін асыру фактілері бойынша;
  • 176 хаттама сауда қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін толтырылған.

Кейбір тауарларға 203,8%-ға дейін үстеме қосылған

Тексеру нәтижесінде бір сауда желісі, бір көтерме сауда орны және 11 кәсіпкерлік субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне 40%-дан 203,8%-ға дейін негізсіз үстеме баға қосқаны анықталған. Сондай-ақ өңірлік комиссияның жұмысы аясында "Алтын орда" базары аумағындағы 13 сауда субъектісі тексерілді.

"Нәтижесінде азық-түлік бағасының өсуіне әсер еткен 7 тиімсіз делдалдың қызметі тоқтатылған. Қазір өңірде өндірушілер мен ірі жеткізушілердің бірыңғай тізімі жасақталып жатыр. Сонымен қатар электрондық шот-фактуралар арқылы делдалдық схемаларды анықтау және жою жұмыстары жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, бұл шаралар нарықтағы ашықтықты арттыруға, азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеуге және тұрғындарды қолжетімді өніммен қамтамасыз етуге бағытталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз