Алматы облысында автожолды су басты

Зардап шеккендер жоқ.

Алматы облысындағы Кеген ауданында нөсер жаңбыр жауып, жолды су басып қалған, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"16 шілде сағат 15.58-де Кеген ауданы Ақсай ауылының маңындағы таулы аймақта нөсер жаңбыр жауған. Салдарынан екі жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен", – делінген хабарламада.

Жолды тазалау жұмыстарына Кеген, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының арнайы техникалары жұмылдырылды.

"Оқиға орнына ТЖД 17 қызметкері мен 10 техника жедел түрде жұмылдырылды. Сағат 17.00-де жаңбыр тоқтап, су деңгейі түсті. ҚазАвтоЖол жолды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Автокөлік қозғалысы штаттық режимде жұмыс істеп тұр", – деп хабарлады облыстық әкімдік.

Зардап шеккендер жоқ. "ҚазАвтоЖол" жолды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Автокөлік қозғалысы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз