USD: 470.3 / 472.7
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Алматы облысында ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығы мерекеленді

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Биыл облыстағы Райымбек ауданының құрылғанына 90 жыл толып отыр.

Райымбек ауданымен қатар қасиетті топырақтың перзенті, Қарасаз бен Нарынқол өңірінің даңқын әлемге жайған бірегей тұлға, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толды. Жергілікті жұртшылық бұл екі айтулы датаны өзара сабақтастыра отырып, бірге атап өтті.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтангазиев өңір халқын қос мерейтойымен құттықтады.

"Қазақ поэзиясының Хантәңірі атанған Мұқағали Мақатаевтың отты жырлары – халқымыздың сарқылмайтын асыл мұрасы. Сол ұлы көштің ізін суытпай, әдебиет майданында сөз құдіретін асқақтатқан бірегей сыншы Сағатбек Әшімбаев пен белгілі жазушы-драматург Баққожа Мұқай да осы қасиетті өңірде дүниеге келген. Ал суырыпсалмалық өнердің дүлдүлдері Еркін Ібітанов пен Оразалы Досбосынов ана тіліміздің байлығын паш етіп, айтыс өнерінің мерейін үстем қылды", – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Фото: Informburo.kz 

Аудан тізгінін ұстаған Дастан Құдабаевтың мәлімдеуінше, бұл мерейтойлық жыл шеңберінде 90 түрлі ауқымды іс-шара қолға алынбақ. Үш күн бойы Нарынқол аспанын әуезге бөлеген ұлы тойдың екінші күні Б. Мұқай атындағы аудандық Мәдениет үйінде жалғасып, мұнда "Тарландар туған топырақ" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Зиялы қауым бас қосқан бұл алқалы жиында Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әнуар Үмбетәлиев пен ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Саид Юсуф мінберге көтеріліп, аудан халқына құттықтауларын жолдады.

Сонымен қатар ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының орынбасары Салтанат Әшімова қазақ әдебиетінің абызы Олжас Сүлейменовтің жүрекжарды сәлемі мен ақ тілеулі хатын оқып берсе, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың шаңырағының түтінін түтетіп отырған келіні Бақытгүл Айдарова да өткеннен сыр шертіп, тағылымды ойларын бөлісті.


Оқи отырыңыз: Шаханов, Мағауин, Әшімов. Қазақтың танымал тұлғаларына қай жерден топырақ бұйырды


Ғылыми жиын барысында отандық және шетелдік ғалымдардың пайымды зерттеулері ортаға салынды. Атап айтқанда, Түркия Ұлттық қауіпсіздік академиясының қызметкері, әскери ғалым, философия докторы Үміт Шахин "Қазақтың батырлық дәстүріндегі ұлттық кодтың көрінісі: Райымбек Түкеұлы және жадының жаңғыруы" атты баяндамасымен тарихи сабақтастықты тереңнен толғаса, Мәдениет қайраткері, Ақпарат саласының үздігі, "Мұқағали" республикалық әдеби-мәдени танымдық журналының бас редакторы Дүйсен Мағлұмов "Мұқағали" журналы – мұқағалитанудың қайнар көзі" тақырыбында сөз қозғап, ақын мұрасын ұлықтаудың маңызын айқындады. 

Фото: Informburo.kz 

Ғылыми-танымдық басқосу аясында аймақтың өткені мен бүгінін түгендеген "Аспантауым, атамекенім!" атты жаңа кітаптың тұсауы салтанатты түрде кесіліп, жиын соңы Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы өнерпаздарының құлақ құрышын қандырған концерттік бағдарламасына ұласты.

Мұнымен қоса, мерейтой аясында рухани өмірдің қос қайнары – аудандық кітапхана мен "Хантәңірі" газетінің 90 жылдық тарихына арналған "Руханият салтанат құрған 90 жыл" атты ауқымды Журналистер форумы өз жұмысын бастады. 

Фото: Informburo.kz 

Осынау тағылымды шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан басшысы Дастан Құдабаев көпшілікті мерейлі күнмен құттықтай отырып, кітапхананың мерейтойына тарту ретінде жарық көрген "KITAP ADAM" атты туындының лентасын қиды. 


Оқи отырыңыз: Мұқағалидың Дариғасы кім? Ақын Мақатаевтың туғанына биыл 90 жыл


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау