Алматы облысында 58 келіден астам марихуана тәркіленді

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
55 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы облысында 58 келіден астам марихуана тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Есірткінің ірі заңсыз тасымал арнасы "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды.

"Алматы – Бішкек" автожолының 58-ші шақырымында Toyota Camry автокөлігі тоқтатылған. Көлікті тексеру кезінде жүксалғышынан қара полиэтилен қаптарға оралған үш полимер қап табылды. Оның ішінен ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат шықты. Сараптама қорытындысы бойынша бұл – кептірілген марихуана екені анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 58 келі 560 грамм болды", – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 55 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз