Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны Жәния Азаматқызы 20 маусымда дүниеге келген.
Еліміздегі 19 миллионыншы қазақстандықтың отбасына 1 миллион теңге табыс етілді. Сонымен қатар, жаңа туған нәрестеге арба мен ойыншықтар берілді. Нұрғалиевтер әулеті қыздарының елдің тура 19 миллионыншы тұрғыны екенін естігенде таң қалған, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Жәния – Азамат пен Назгүлдің үшінші қызы. Отбасында 14 және 9 жастағы тағы екі қыз бар.
"Біз бұл жаңалықты түнгі сағат 11-лерде білдік, қобалжып, қатты толқыдық. Тіпті, түнімен айықтай алмай шықтық", – дейді Жәнияның анасы Назгүл Көбентаева.
Қуанышқа бөленген отбасына облыстық әкімдік 1 миллион теңге мен біраз ойыншықтар табыстаған.
Демограф Әзімбай Ғали Қазақстанда қазақтардың үлесі осыдан бір жарым жыл бұрын 69 пайыз болса, биыл 70 пайызға көтерілгенін айтады. Сонымен қатар, шет мемлекеттердегі қандастарымыздың да оралып жатқаны статистикаға оң әсер етіп жатыр екен.
"Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, халықтың жыл сайынғы табиғи өсімі шамамен 260 мың екен. Дәл осындай қарқын сақталса, Қазақстан халқының саны 2025 жылы 20 миллионнан асуы әбден мүмкін", – дейді демограф Әзімбай Ғали.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды
-
362
-
0
-
6
-
-
2🚨Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Газиантеп қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті
-
355
-
0
-
6
-
-
3🚦Астана, Алматы мен Шымкентте жол ережесін бұзудың 86%-ы стационар камера арқылы анықталған
-
327
-
0
-
1
-
-
4Қазақстаннан тағы 60 құтқарушы Түркияға көмекке барады
-
311
-
0
-
2
-
-
5Алматы облысында 8 автокөлік соқтысып, жол апатынан бір адам қайтыс болды
-
306
-
0
-
0
-
-
6Ақмола облысында 1,3 млрд теңге бюджет қаржысын жымқыру бойынша күдіктілерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
-
306
-
0
-
2
-
-
7Бала күтіміне төленетін жәрдемақыны қалай есептеуге болады?
-
301
-
0
-
2
-
-
8Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылы қанша өтінім және қандай мақсатта мақұлданды?
-
301
-
0
-
2
-
-
9Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
-
285
-
0
-
2
-
-
10Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 8 мыңға жуықтады
-
311
-
0
-
3
-